қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Байгунаков Досбол Сүлейменұлы

Байгунаков Досбол Сүлейменұлы

 

Байгунаков Досбол Сүлейменұл - 1969 жылы 1 қаңтарда туылған. 1994 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-ң тарих факультетін тәмәмдаған. Ғылыми-педагогикалық қызметін 1998 жылы Алматы қ. бойынша МГСУ филиалының оқытушысы болып бастаған. 1999-2003 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ стажер-зерттеуші, аспирант, ассистент болған. 2003-2010 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы, доценті болып қызмет істеген. 2011-2013 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті. 2014-2016 жылдары Ө.А.Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясының ректоры болып қызмет еткен. 2017-2020 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры болып жұмыс жасады. 2020-2021 жылдары ҚР МСМ «Қазақстан мәдениетінің ғылыми-зерттеу институты» РМҚК директоры болды. 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасында жұмыс істеп келе жатыр.

Д.С.Байгунаков - Халықаралық «БОЛАШАҚ» стипендиясының иегері (2010);  Сиена Университетінде (Италия, 2010-2011), Хажеттепе Университетінде (Түркия, 2013), SGH Университетінде (Польша, 2015), Италияның Мәдени мұра министрлігінде (Флоренция, 2018) ғылыми тағылымдамадан өткен. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2013) болған, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2016) болып табылады. 180-ге жуық ғылыми басылымдардың авторы.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Квалификация

Аяқтаған мерзімі

Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ, тарих факультеті

Тарихшы. Тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы

1994 ж.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және құқық Институты

Заңгер

2002 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәреже атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген дата

Тарих ғылымдарының кандидаты исторических наук

Археология

23.04.2004 ж.

Тарих ғылымдарының докторы

Тарихнама

11.06.2011 ж.

 

 ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ 

Археология, Ежелгі Қазақстан тарихы, История древнего Казахстана, Қазақстанның ежелгі тарихы

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ - зерттеу тақырыптары, басылымдар саны

Басылымдар:

1. Байгунаков Д.С. Көне Қазақстанды зерттеген ғалымдар. - Алматы: Credos LTD, 2015. -180 б.

2. Байгунаков Д.С.Тас ғасыры: оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2018. -188 б.

3. Тургунбаев Е.М., Байгунаков Д.С. Адамзаттың тарихилыққа дейінгі эволюциясы: оқу құралы. -Алматы: Қазақ университеті, 2018. -242 б.

4. Зайберт В.Ф., Байгунаков Д.С., Сабденова Г.Е. Историко-культурное значение ботайской культуры (к 40-летию открытия) // Вестник КазНПУ им. Абая. Серия «Исторические и социально-политические науки». -2020. -№2. -С.489-496.

5. Байгунаков Д.С. Дахо-массагетский союз в этногенезе казахов и других тюркских народов // История и культура Великой степи. Материалы Международной научно-практической конференции / Под ред. М.Х.Абусеитовой. Составители: Н.Ж.Шаймарданова, З.С.Табынбаева. - Алматы: «Шығыс пен Батыс», 2020. -630 с. -С.145-151.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ - зерттеу тақырыптары, басылымдар саны 

1. Байгунаков Д.С., Бексеитов Ғ.Т. Қазақстанның тас дәуірі археологиясы: теориясы, зерттеу әдістері мен нәтижелері. -Алматы: Қазақ университеті, 2017. - 146 б.

2.Байгунаков Д.С. Профессор Р.Ж.Таужанованың ғұмырнамасы мен оқытушылық-ғылыми қызметі // «Заңтану мәселелері: қазіргі жағдайы және жетілдіру жолдары» атты Р.Ж.Таужанованың 60 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 5 мамыр 2014 ж. -Талдықорған: ЖК «А.П.Сергушин», 2014. -188 б. -5-10 бб.

3.Baigunakov D.S. A new Research Institute of "Archaeology and steppe civilization" // Вестник КазНУ им. аль-Фараби. Серия истор. -2018. -№1. - Р.258-260

4. Байгунаков Д.С., Бексеитов Ғ.Т. Қаратау өңіріндегі палеолит ескерткіштері және жаратылыстану ғылымдары: зерттеулер, әдістер және нәтижелер // «Далалық археологиялық зерттеулердегі жаратылыстану ғылымдарының әдістері мен әдіснамасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 18 қыркүйек 2019 жыл. - Алматы: Қазақ университеті, 2019. -290 б. -11-15 бб.

5.      Байгунаков Д.С. Бибизия Кенжебекқызы Қалшабаева: өмір жолы мен ғылыми-педагогикалық қызметі (60 жылдық мерейтойына орай) // Ғалым-этнограф Б.К.Қалшабаеваның 60 жасқа толуына арналған «Ұлы дала кеңістігіндегі этноархеологиялық зерттеулер мен этносаралық қатынастар мәселесі» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары. 4 маусым 2020 жыл. -Алматы: Қазақ университеті, 2020. -562 б. -25-27 бб.

 

 


← Кері оралу