қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
15.04.2013

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

2013 жылдың 29-30 мамыры аралығында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті  аса көрнектi әдебиеттанушы-ғалым, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА академигi, филология ғылымдарының докторы, профессор Зәки Ахметовтің туғанына 85 жыл толуына арналған «Зәки Ахметовтің ғылыми мұрасы және ғылым мен білімнің заманауи мәселелері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

 

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

Дөңгелек үстел:

  1. Академик Зәки Ахметовтің өнегелі өмірі мен ғылыми мұрасы

Секциялық отырыстар:

1.      Академик Зәки Ахметов және қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелері

2.      Қазіргі тіл білімінің келелі мәселелері.

3.      Шығыс Қазақстанның тарихи-табиғи-мәдени мұралары

4.      Білім берудегі инновациялық технологиялар: бағыттары мен болашағы.

 

Конференция жұмысына қатысуға ғалымдар, оқытушылар, профессорлар, жоғарғы оқу орындарының докторанттары, магистранттары және студенттері шақырылады.

Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін 2013 жылдың 15 сәуірінен 10 мамырына дейін ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды өткізу керек:

-       белгіленген үлгі бойынша қатысуға  өтінім;

-       төменде көрсетілген рәсімдеудің талаптарына сәйкес рәсімделген мақала;

-       ұйымдастыру жарнасының төленгенін растайтын құжат көшірмесі.

 

Мақаланы рәсімдеудің талаптары:

 

Баяндамалар мақала түрінде компьютермен MS WORD редакторында терілген, көлемі 6 беттен аспайтын қағаз нұсқасында қабылданады. Парақ форматы - А4. Жиектері: үстіңгі мен төменгі жақтары - 2 см; оң жағы - 2 см, сол жағы - 2 см. Шрифт Tіmes New Roman (KZ Times New Roman), кегль - 12, аралық интервалы - 1. Азат жол - 0,7 см. Мәтінде айшықталған қаріп қолданылмайды. Мақалада тек сызықша ретіндегі маркерлер қолданылады, ал нөмірлеу тек жақшасы бар араб сандары арқылы жазылады.

 

Бірінші беттің үстіндегі жолының сол жақ шетінде үлкен әріптермен ӘОЖ, оның астында үлкен әріптермен автордың тeгi мен инициалдары, келесі жолда кішкентай әріптермен жұмыс орындалған мекемесінің және қаланың атауы жазылады, ары қарай бip жолдан кейін, ортасына - бас әріптермен баяндаманың атауы, одан ары бір жол қалдырып - баяндама мәтіні көрсетіледі.

Қолданылған әдебиеттерге сілтеме мәтінде  жақшалардың ішінде көрсетіледі, мысалы, [1, 45 стр.]. Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында, мәтінде аталу тәртібіне байланысты құрылады.

Бір адам үш мақалаға ғана автор немесе авторлас бола алады. Бір оқытушы тек 2 студенттің жетекшісі бола алады (бір жетекшінің қатысуымен 2 мақала ғана қабылданады).

Материалдарды баспаға конференцияның ұйымдастырушы комитеті таңдайды.

Конференцияға келу шығыны қатысушылар тарапынан және бағыттаушы жақтан өтеледі.

 

Зәки Ахметовтың туғанына 85 жыл толуына арналған

«Зәки Ахметовтің ғылыми мұрасы және ғылым мен білімнің заманауи мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға

ӨТІНІМ

 

Автордың аты-жөні

 

Жұмыс орны (ұйым атауы қысқартылмайды), лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 

Мақаланың атауы

 

Секцияның нөмірі және атауы

 

Қатысу формасы (іштей/сырттай)

 

Конференция жинағын жіберу үшін пошталық мекен-жайы

 

Байланыс телефоны (ұялы / қалалық)

 

E-mail

 

Қонақ үйінде бөлме жалдау қажеттілігі (иә/жоқ)

 

Күні

 

 

Мақаланы рәсімдеу  үлгісі:

 

УДК 669.162.214

РАКИШОВА Д.К., КОЙШИНОВА Г. К.

С.Аманжолов отындағы ШҚМУ, Өскемен қ., Қазақстан

 

1991-2012 ЖЫЛДАР КЕЗЕҢІНДЕГІ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

 

Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні (12 pt)

 

1-кесте  - Ет ұлпаларының және мал етінің химиялық құрамы (10 pt)

 

 

Сынама алынған күн

Сынама алынған орын

Қорғасын ионының мөлшері

мкг

мг/дм2

25.03.2011

4-қабат

89

19

76

0,089

0,019

0,076









 

Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні [1].

Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні [2]:

1)  Баяндама мәтіні;

2)  Баяндама мәтіні;

3)  Баяндама мәтіні.

Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні [3]:

-          Баяндама мәтіні;

-          Баяндама мәтіні:

 

1-сурет - Емен ағашының бұтақтары (10 pt)

 

Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1       Пененко В.В., Алоян А.Е. Модели и методы для задач охраны окружающей среды. -Новосибирск: Наука, 1985. -54 б.

2       Марчук Г.И. Математическое моделирование в проблеме окружающей среды. - М.: Наука, 1982. - 19 б.

3       Берлянд М.Е. Современные проблемы атмосферной диффузии и загрязнения атмосферы - Л.: Гидрометеоиздат, 1975. - 48 б.

 

Жұмыстарды қабылдау:

 

Басқа ұйымдар қызметкерлері үшін: мақаланың электрондық нұсқасы Ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына konfer_vkgu@mail.ru жіберіледі. Файлдың атауында бірінші автордың тегі, ұйымның қысқартылған атауы және құжаттың аты көрсетілуі тиіс, мысалы: Қасымова ҚазҰУ өтінім; Қасымова ҚазҰУ мақала, Қасымова ҚазҰУ төлемақы.

 

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қызметкерлері үшін: мақала мәтінінің қағаз нұсқасының бір данасы (беттер саны көрсетілмейді) және CD дискідегі электрондық нұсқасы  Ұйымдастыру комитетіне тапсырылады. Мақалалардың қағаздағы және электрондық нұсқасы бір-біріне сәйкес болуы керек.

 

Конференция материалдары жинақ түрінде баспадан шығарылады.

 

Конференцияға қатысу және жинаққа мақала жариялау үшін ұйымдастыру жарнасы 3500 теңге көлемінде университеттің келесі банк дерктемелері бойынша «Зәки Ахметовтің ғылыми мұрасы және ғылым мен білімнің заманауи мәселелері» деген міндетті белгімен келесі есепшотқа аударылсын: «БТА-банк» АҚ ШҚО бөлімшесі  181800014976; ИИК KZ16319B010000333860,  БИК ABKZKZKX, БИН  990240007414, КБЕ 16: «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ» ШЖҚ РМК.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы

 

Қазақстан Республикасы, 070019, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, әкімшілік ғимараты, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, студентердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және инновациялық технологиялар бөлімі, №403 каб.

Байланыс телефондары:

8 (7232) 241-401 - ғылыми-зерттеу жұмыстарын, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және инновациялық технологиялар бөлімі.

 

 

Ұйымдастыру комитеті

 


[1] Конференция мақалаларының жинағы тікелей көшіріп алу әдісімен жинақталады. Сол себептен материалдарды жоғарыда аталған барлық талаптарды сақтай отырып, өткізуді сұраймыз. Көрсетілген мерзімнен кешіктіріп өткізілген және қойылған талаптарға сәйкес  рәсімделмеген материалдар қарастырылмайды және кері қайтарылмайды.