қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
25.11.2020

Академия басшысы Дархан Қыдырәлі «Абай - түркі әлемінің ұлы тұлғасы» атты халықаралық онлайн симпозиумға қатысты

 


 

Бүгін Түркияның Эгей университеті жанындағы «Түркі әлемі зерттеулері институты», Еуразия ұлттық университетінің «Абай академиясы» және Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығы бірлесіп ұйымдастырған «Абай - түркі әлемінің ұлы тұлғасы» атты халықаралық онлайн симпозиум басталды.

 

Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойы арналған алқалы жиынға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Татарстан (Ресей), Хакасия (Ресей) және АҚШ-тан 60-қа жуық абайтанушы ғалым қатысуда.

 

Видеобайланыс арқылы өткен басқосуға Халықарлық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысының орынбасары Билал Чакыджы, Түрік тілі қоғамының төрағасы, профессор Гүрер Гүлсевин, Эгей университетінің ректоры Нежек Будак, Еуразия жазушылар одағының төрағасы Якуб Өмероглу, сонымен қатар бірқатар түркі тілдес елдеріндегі жоғарғы оқу орынадарының басшылары қатысты.

 

Аталған шарада сөз сөйлеген Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі Абай жылы аясында Академияның атқарған жұмыстары туралы баяндап, халықарлық конференцияның сәтті өтуіне тілектестік білдірді.

 

Айта кету керек, онлайн симпозиум 27 қарашаға дейін ұласады.

 

 

25.11.2020 ж.

Ақпарат көзі: twesco.org