қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
04.02.2021

Ұлы ақын есімін иеленген университетте «Абай» альбомының тұсаукесері өтті

 


 

2 ақпанда Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай Халықаралық «TURKSOY» ұйымы жариялаған «Абай» альбомының тұсаукесері өтті.

 

Шараға «TURKSOY» Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Басқарама Төрағасы-Ректор Такир Балықбаев, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулет, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Абай» ғылыми-зерттеу институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі Жаңғара Дәдебаев, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, аудармашы, сценарист, кинорежиссер Бақытжан Қанапиянов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Қанипаш Мәдібаева, Абай атындағы ҚазҰПУ «Білімді ақпараттандыру және білім технологиялары мәселелері халықаралық ғылыми зертхана меңгерушісі Есен Бидайбеков сынды ұлы ақынымыз Абайды жан-жақты зерттеп, дәріптеп жүрген зиялы қауым өкілдері қатысты.

 

Шараны Такир Балықбаев ашып, университетте ұлы ойшыл, Хәкім Абайдың даналығын бүкіл әлемге паш ету, насихаттау мақсатында іске асырылып жатырған іргелі шараларды атап өтті. «Абайтану» бағдарламасы негізінде Абайдың «Толық адам» ілімін жас ұрпақтың бойына сіңіру, «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының жұмысы, шетелдік әріптес университеттеріндегі Абай орталықтарының жұмыстары мен жүзеге асырылып жатқан жобаларын тілге тиек етті.

 

«TURKSOY» Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы, профессор Дүйсен Қасейінов өзі басшылық жасап отырған Халықаралық ұйымның 2020 жылды түркі әлемінде «Халықаралық Абай жылы» деп жарияланып, Абайдың 175 жылына арналған іс-шаралардың халықаралық дәрежеде өткізілуі қазақ халқы үшін үлкен мәртебе екендігін мақтанышпен жеткізді.

 

Одан әрі шара, Халықаралық «TURKSOY» ұйымы жариялаған «Абай» альбомының тұсаукесеріне ұласты. «TURKSOY» халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қорабайұлына Абай атындағы ҚазҰПУ-дың құрметті профессоры атағы беріліп, сый-сияпат көрсетілді.

 

Шара соңында, «TURKSOY» Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қорабайұлы Хәкім Абайдың 175 жылдығы аясында Абайдың әдеби-мәдени мұрасын жан-жақты зерттеп, зерделеген бірқатар жетекші ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерін Халықаралық Абай медалі және Құрмет грамотасымен марапаттады.

 

Марапатталушылар қатарында атақты абайтанушы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы, ҚР ҰҒА академигі Сейіт Қасқабасов, ҚР ҰҒА академигі Жаңғара Дәдебаев, университетіміздің ректоры Такир Балықбаев, басқа да ғалымдар мен университетіміздің бірқатар профессор-оқытушылар құрамы болды.

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті,

Н. Келімбетов атындағы түркітану орталығы

04.02.2021 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com

 



350

Вернуться назад