қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
17.02.2021

Біліктілікті арттыру курстары басталды

 


 

Бүгін, 17 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев өзінің Facebook парақшасында біліктілікті арттыру аясында білім беру қызметкерлерінің түрлі санаттарына - оқытушыларға, докторанттар мен магистранттарға, оқулық авторларына, әдіскерлер мен оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылғанын жазды.

 

«Біздің Біліктілікті арттыру және қашықтан оқыту орталығы 2021 жылы 8-12 ақпан аралығында университет оқытушыларына «Цифрлық педагог» тақырыбында курстар өткізді. 15 ақпаннан бастап «Сабақты зерттеу (Lesson Study) мен іс-әрекеттегі зерттеуді (Action Reseach) ұйымдастыру және жүргізу. Критериалды бағалау контекстіндегі тапсырма құрастыру технологиясы» тақырыбында курстар басталды. Курс болашақ мұғалімдерді даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді. Мектеп оқулықтарының авторлары үшін 1 наурыздан бастап «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы заманауи мектеп оқулығы» тақырыбында курс өткізіледі. Курс оқулық авторларына орта білім берудің заманауи тәсілдерін жүзеге асыруға көмектеседі» деп жазды Такир Оспанұлы.

 

17.02.2021 ж.

Ақпарат  көзі: qazaq1913.com