қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
08.10.2018

2018-2019 оқу жылына арналған Эразмус+ ұтқырлық стипендиялық бағдарламасы

Перпиньян Виа Домитья Университеті (Франция)

Құрметті Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенттері мен оқытушылары!

 

ҚазҰПУ-дың серіктес университеті - Перпиньян Виа Домитья Университеті Erasmus + стипендиялық бағдарламасына Шет тілі (екі шет тілі); Экономика және әлеуметтік менеджмент; Экономика және басқару; Менеджмент (түрлі салаларда - мамандық бойынша) және т.б. мамандықтар бойынша ниет білдірушілерді қатысуға шақырады.


Эразмус+ ұтқырлық стипендиялық бағдарламасына бакалавриаттың 1, 2 курс студенттері және 3 курстың педагогикалық мамандыққа кірмейтін мамандықтардың студенттері, сондай-ақ  магистратураның 1 курс студенттері, қызметкерлері қатыса алады.

 

Құжаттарды қабылдау: 2018 жылдың 1 қазан - 19 қараша аралығында https://erasmus.univ-perp.fr/fr/ сайтында жүргізіледі.


Студенттердің қатысу шарттары:

-  француз тілінен емтихан тапсыру туралы куәліктің  (DELF B2 / TCF B2) болуы қажет;

- оқу мерзімі: 2019 жылдың 15 қаңтарынан 31 мамырына дейін.

 

Толық ақпаратпен Перпиньян Виа Домитья Университетінің сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.univ-perp.fr/fr/menu/international/venir-etudier-a-l-upvd/en-programme-d-echanges/avec-le-programme-erasmus-mobilite-internationale-de-credits/.

 

Сондай-ақ, шәкіртақы, үміткерлерді іріктеу және таңдау шарттары туралы қосымша ақпараттармен қатар, француз және ағылшын тілдеріндегі үміткерлерге арналған нұсқаулық сайттың оң жағында «жауапты тұлғалармен» бірге жазылған.


Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі - 19.11.2018 ж. (қоса алғанда).


Қосымша ақпаратты  8 727 291 36 92 телефон нөміріне байланысу арқылы,  205 кабинет, №1 оқу ғимараты,  Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімінен алуға болады.