қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
31.03.2021

Наурыз нақыштары

 



Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Рухани жаңғыру» орталығы Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамына орай, #NAURYZUYIMDE студенттік фотобайқауын ұйымдастырып, нәтижесін анықтады.


«Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеялық құндылықтарын іске асыру халқымыздың төл мерекесі Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын атап өтудегі мәні зор.


Жыл сайын мейрам қарсаңында елімізде мерекелік іс-шаралар өтіп, алаңдарда наурыз көже мен ұлттық тағамдар пісіріліп, ән мен биден шашу шашылып, ұлттық ойындар ұйымдастырылатын. Биыл карантин талаптарына байланысты бәрі өзгеше өтті. Бұл орайда университеттік «Рухани жаңғыру» орталығы қауіпті індеттің таралуының алдын алу мақсатында Наурызды отбасында қарсы алуға шақыратын - #NAURYZUYIMDE студенттік фотобайқауын жариялады.

 

Байқаудың мақсаты -Наурыз мерекесін үйде, отбасымен қарсы алу ерекшелігін көрсету болды.

 

Фотобайқаудың барысында студенттер пандемиялық жағдайда Наурызды үйінде қалай қарсы алғандарын көрсететін - «Дәстүр», «Ұлттық нақыш», «Наурыз көже», «Өнеге», «Туған жер» номинациялары бойынша ең үздік фотоларын жолдады.

 

Нәтижесінде «Дәстүр» номинациясы бойынша ФКИИ, 1-курс студенті Сағат Марал үздік атанды. «Ұлттық нақыш» номинациясын ФКИИ-дың 1-курс студенті Айтқожа Ырысты, ал «Наурыз көже» номинациясын СҚИ-дың 3-курс студенті Ақшолпан Қонысбаева иеленді. «Өнеге» номинациясында ФМИИ, 2-курс студенті Ізтай Алтынай үздік атанса, «Туған жер» номинациясын МФИИ 1-курс студенті Айтбекова Салтанат иеленді.

 

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен арнайы сертификатпен марапатталды.

 

31.03.2021 ж.

Ақпарат көзі: turkystan.kz