қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
05.04.2021

Кәсіби бағдар - сапалы мамандықтың кепілі

 

 

90 жылдан асатам тарихы бар Қазақ білімінің қара шаңырағы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті еліміздегі педагогикалық жоғары оқу орындарының көшбасшысы деген абройлы атағына дақ келтірмей келеді. Олай дейтініміз, көз ілеспес жылдамдықпен жедел дамып жатқан бүгінгі таңда тек озық тәжірибе мен инновациялық технологияны терең меңгерген маман ғана замана көшінен қалмайтыны белгілі.

 

Осы орайда біздің университетімізде білім алған түлектеріміздің бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуы жолында аянбай еңбек етіп келеді. Дегенмен де, бүгінгі таңда тек студенттерге сапалы білім беріп қана қоймай, педагогикалық кадрларымыздың бай әлеуетін еліміз бен шетелдерде кеңінен насихаттау үшін Кәсіптік бағдар беру жұмысына да көңіл бөлгеніміз абзал.

 

Жалпы, кәсіптік бағдар беру дегеніміз - қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір мектеп бітіруші оқушының қабілеті мен бейімін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Яғни жоғары оқу орындарындағы әр саланың озық мамандары мектеп оқушыларына болашақта кім болатынына қарай бағдар беріп, өзінің мамандығының қоғамдағы рөлі туралы ақпарат беру деген сөз. Себебі еліміздегі жастардың осындай пайдалы ақпараттармен толық таныспай, мамандыққа кездейсоқ келуі олардың таңдаған мамандығына бейімделе алмай жұмыс орынын жиі өзгертуіне себеп болады. Сондықтан біздің университетіміз өз түлектерінде осындай мәселемен туындамау үшін кәсіби бағдар жұмысын жүйелі жолға қойып келеді.

 

2017-2018 оқу жылында университетіміздің ректоры Такир Балықбаевтың бастамасымен университтетке үздік бітірген, өнерлі де, таланты мектеп оқушылары мен колледж студенттерін тарту мақсатында «Кәсіби бағдар беру форумы» құрылған болатын. Оның құрамына университтеттегі әр институттың тәжірибелі оқытушылары тартылып, олар педагогикалық мамандықтың қай жерде болмасын жоғары сұранысқа ие болатынын насихаттап, оқу орнымызға талантты жастарды көптеп жинауда. Биылғы әлемде орын алып жатқан коронавирус пандемиясына қарамастан біздің университеттімізде оқуға ниет білдірген талапкерлердің саны екі есеге артты. Бұл да кәсіби бағдар жұмысының нәтижесінде екені белгілі. Сонымен қатар жыл басынан бері университеттегі Филология және көптілді білім беру институтында директор Таңжарықова Алуаның тікелей басшылығымен кәсіби бағдар жұмысы жоспарлы түрде атқарылып келеді. Институт директорының бастамасымен профессор-оқытушыларымыз еліміздің орта білім беру ұйымдарымен байланыс орнатып, онлайн форматта көптеген іс-шаралар өткізді.

 

Сондай-ақ наурыз айының 21-29 аралығында Мәскеу қаласындағы Еуразиялық Ынтымақтастық Ұйымның ұйымдастыруымен Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларуссия, Тәжікстан Республикалары ЖОО-ларының «Еуразиялық білім беру форумы» 2018-2025 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес, Ош және Бішкек қалаларында іс-сапарда болып қайтты. Ондағы мақсат 9-11сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, оларды біздің университетімізге оқуға шақыру болатын. Университтеттің ректоры Т.Балықбаевтың арнайы бұйрығы бойынша Филология және көптілді білім беру институтының доценті Е.Молдасанов, профессор Б.Балгазина, маркетинг бөлімінің жетекшісі Ә.Қаламбаева шетелдік жоғары оқу орындарымен байланыс орнату мақсатында, Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Аталған шарада университтеттің тарихы, әлемдік нарықтағы орны, шетелдік студенттерді ЖОО қабылдау ережелері бойынша ақпараттар беріліп, 3000 студентпен кездесу ұйымдастырылды. Осының нәтижесінде 30-дан астам шетелдік студент Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне оқуға ниет білдірді. Ісшара барысында: Еуразиялық Ынтымақтастық Ұйымның директоры Данилов Дмитрий Александрович, Ош қаласының вице-мэрі Эмир Шадыханов, ОшМУ халықаралық байланыс департаментінің директоры Абдувалиев Абдыганы Османович, Ресей депутаты Ворновских Димитрий Владимирович, Минск МЛУ-дің деканы Понимматко Александр Петровмч және т.б мемлекеттердің декан, кафедра меңгерушілерімен ынтымақтастық шаралары туралы сұхбаттар өткізді.

 

 

 

05.04.2021 ж.

 Ақпарат көзі: dalanews.kz