қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
06.05.2021

Ынтымақ, бірлік, келісім - ең басты байлық ел үшін


2021 жылғы 4 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология және көптілді білім беру инcтитуты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына қарасты «6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-ші курс 109-топ студенттерінің ұйымдастыруымен Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім - ең басты байлық ел үшін» тақырыбында әдеби сазды кеш өтті.

 

Кеш барысында топ студенттері Дінберген Көркем, Құралбай Айгерім, Дербисова Майра, Дүйсен Динара, Тілеу Бақжол елдік, бірлік, татулық тақырыбына қатысты өлеңдерден тұратын әдеби композицияларын ұсынды. Алғаш сөз алған институт директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Ерлан Қасенов студенттерге бұл күннің маңыздылығын түсіндіре келе, жұдырықтай жүректеріне ұлттық рухты сіңірген студент жастарға ақыл-кеңесін айтып, осындай маңызды да тағылымды іс-шараны ұйымдастырған топ эдвайзері А.Юсупқа, топ студенттеріне деген алғысын білдірді. Келесі кезекте сөз алған академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға тәлімгері Ерсайын Молдасанов бірлігі мен достығы жарасқан қазақ елі туралы жан-жақты ақпарат беріп, рухани-мәдени құндылықтарға құрметпен қарауға, егеменді қазақ елінің жастары ретінде Отанға адал қызмет етуге үндеді. Кеш соңында 109-топ студенттері Намаз Жансая мен Съезхан Айсұлу Тәуелсіз Қазақстанға арналған арнау өлеңдерін оқыды.

 

   



10

Вернуться назад