қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
08.05.2021

 

Құрметті ардагерлер және тыл еңбеккерлері!

Құрметті әріптестер, білім алушылар!

 

Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен құттықтаймын!

 

9 мамыр - Жеңіс жолындағы бүкілхалықтық мақтаныш пен даңқтың, ерлік пен батылдықтың, халықтың ажырамас бірлігі мен ынтымағының символына айналған қасиетті күн.

 

Ата-бабаларымыздың ерліктері - еліміздің өркендеуіне және оның қуатын нығайтуға үлес қосып, жаңа жетістіктерге, нәтижелі еңбекке шабыттандыратын өнегелік бағыт. Ұлы Отан соғысы, оның сабақтары өткенімізді құрметтеуге, бүгінімізді бағалауға және жарқын болашаққа сенуге үйретеді.

 

Біз Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігіне қандай еңбекпен жеткенімізді әрдайым жадымыздан шығармаймыз және біздің батырларымыз - соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне деген шексіз құрмет пен мақтаныш сезімін ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отырамыз.

 

Батырлардың арасында біздің университетіміздің қызметкерлері мен түлектері Мәлік Ғабдуллин, Рахымжан Тоқатаев, Құдайберген Сұрағанов, Сәду Шәкіров, Владимир Бреусов, Ахмедияр Хұсайынов, Қанаш Хамзин және Лесбек Жолдасовтардың болғанын атап өткім келеді. Бүгінде арамызда жүрген аға буын өкілдері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері Ишмухамедов Абдрахман Шәріпұлы, Тюньтянь Юрий Александрович университет мақтаныштары.

 

Кәсіби борышымызды өтей отырып, Қазақстанның игілігі мен гүлденуі үшін жұмыс жасап, әрқайсымыз барлық сынақтардан өтіп, Отанға деген риясыз сүйіспеншілігі мен адалдығын дәлелдеген аталарымыз бен әкелеріміздің лайықты мұрагері болуға тырысамыз.

 

Құрметті ардагерлер және тыл еңбеккерлері! Құрметті әріптестер мен студенттер! Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, амандық, жаңа жеңістер мен жетістіктер, қуаныш пен барлық игі бастамаларыңызға табыс тілеймін!

 


Құрметпен, Басқарма төрағасы-ректор Такир Балықбаев