қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
25.01.2019

Ректор Кубогына арналған «ABAI UNIVERSITY CUP» турнирі

 

2019 жыл Жастар жылы аясында 26-27 қаңтарда Алматы қаласының 8 ауданынан 16 мектеп 250 оқушы қатысатын Ректор Кубогына арналған «ABAI UNIVERSITY CUP» кіші футбол турнирі өтеді.

 

Дәстүрлі іс-шараның мақсаты жас футбол сүйер оқушылардың спортқа деген ынта-жігерін қолдауға, отандық футболдың маңыздылығын арттыруға бағытталады.

 

Турнир аудандардан іріктелген командалардың қатысуымен екі күн олимпиадалық жүйесімен өтеді. Іс-шараны қолдауға отандық футболдың ардагерлері мен кәсіби футболшылары, демеуші компаниялар қатысады. Қатысушы жастарға университет тарапынан бағалы сыйлықтар мен арнайы Кубок ойнатылады.

 

Турнирдің өтетін орны:
1) №1 спорт кешені (Қазыбек би - Уәлиханов көшелерінің қиылысы)
2) Спартак спорткешені (Орталық қалалық саябақ)

 

Турнирдің өтетін уақыты:
26 қаңтар сағ.10.00-15.00

27 қаңтар сағ.09.00-13.00

 

Қосымша ақпарат үшін: үйлестіруші Ж. Мұхашев, 8775 400 0003.