қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
04.06.2021

«Жас автор» республикалық әдеби-шығармашылық байқауы жарияланды

 


 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасының аясында, 2021 жылдың маусым айының 7-сі мен тамыздың 20-ы аралығында республикалық «Жас автор» әдеби-шығармашылық байқауын жариялайды.

 

Байқаудың мақсаты - отандық балалар әдебиетінің дамуына үлес қосып, прозалық жанрында қалам тербеткен жастардың әдеби шығармашылығын қолдау, кәсіби мамандануына мүмкіндік беру, өскелең ұрпақтың дүниетанымын, рухани білімін байыту болмақ.

 

«Жас автор» республикалық әдеби-шығармашылық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

1.1. Байқаудың тұжырымдамасы - отандық балалар әдебиетін дамытуда прозалық жанрда үздік шығармаларды жазуға жастарды анықтау. Кәсіптік мамандануына мүмкіндік жасау.

 

Байқаудың мақсаты - жастардың әдеби шығармашылығын қолдау, балалар әдебиетін күшейтіп, өскелең ұрпақтың дүниетанымын, рухани білімін байыту.

 

1.2. Байқаудың міндеттері :

 

- дамыту - кітап оқуға дағдыны қалыптастыру, мәтінді терең ұғынудың негізінде эмоционалдық интеллектіні, оқырмандық машықтарын қалыптастыру;

 

- білім беру - жастардың рухани білімінің оқырмандық ой-өрісін кеңейту;

 

- тәрбиелеу - отансүйгіштікті тәрбиелеу, интеллектуалдыққа ынталандыру.

 

1.3. Байқаудың тілдері - мемлекеттік қазақ тілі.

 

1.4. Байқаудың ұйымдастырушысы - Абай атындағы Казақ Ұлттық педагогикалық университеті, Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті, «Рухани жаңғыру» Орталығы.

 

1.5. Байқаудың ғылыми-танымдық қолдау көрсетуді Абай атындағы Казақ Ұлттық педагогикалық университетінің Филология және көптілді білім беру институты жүзеге асырады.

 

1.6. Байқауды ұйымдастыруға және өзгертуге жетекшілікті байқауды ұйымдастырушылардың өкілдерінен қалыптастыратын Ұйымдастыру тобы жүзеге асырады.

 

1.7. Ұйымдастырушы тобы 5 адам құрамында Байқаудың тәуелсіз қазылар алқасын бекітеді.

 

1.8. Байқауға қатысушылар - Қазақстан Республикасының кәмелет жасына толған 18-24 жас аралығындағы азаматтар қатысады.

 

1.9. Байқау өткізіледі:

 

- Балаларға арналған әңгімелер мен новелла шығармалары.

 

Байқаудың мазмұны мен шарттары


2.1. Қатысушылар Байқауға балаларға арналған әңгімелер мен новелла шығармаларын (1.3 тармақты қараңыз) электронды форматында жазбаша ұсынады.

 

2.2. Байқауға қатысатын жұмыс тақырыбын қатысушының өзі анықтайды.

 

2.3. Байқауға шығармаларды 2021 жылғы 20 тамыздан кешіктірмей ұсынуы тиіс (Қосымшаны қараңыз).

 

2.4. Байқау жұмысының ұсыну мекен-жайы -rukhany_zhangyru_kaznpu@mail.ru эл.поштасына - «Жас автор» деген атаумен жолдап, қосымша ақпаратпен 8747 0529904 номеріне хабарлайды.

 

Эл.поштада жолданатын хаттың тақырыбы:

 

Қатысушының аты-жөні:

 

Туған жылы, айы, күні:

 

Байланыс номері көрсетіледі.

 

2.5. Байқаудың нәтижесі алдын ала хабарланып, салтанатты марапаттау рәсімі онлайн және оффлайн форматында - 2021 жыл 26 тамызда өтеді

 

(Zoom платформасының сілтемесі марапатталуға бір күн қалғанда жіберіледі)

 

3.1. Төменде көрсетілген критерийлердің әрқайсысы бойынша тәуелсіз Қазылар алқасы 5-10 балл аралығында ұпайлар қояды, және қатысушы жұмысына ұтымды және әлсіз тұстарын арнайы хаттамамен көрсетіп отырады.

 

Бағаланады:

 

- ұтымды тақырыбы;

 

- жазу сауаттылығы;

 

- грамматикалық сауаттылығы;

 

- ой мазмұнын дәл жеткізуі;

 

- жан-жақты сапалығы.

 

Байқаудың жеңімпаздарын көтермелеу


Ұпайлардың жиынтық саны бойынша тәуелсіз қазылар алқасы балаларға арналған әңгімелер немесе новелла шығармалары бойынша 1, 2, 3 орындарды, және үздік талпыныс номинацияларын анықтайды. Жеңімпаздар Диплом және Алғыс хаттармен, ақшалай жүлде қорымен марапатталады.

 

Жүлде қоры:

 

1 - орын - 250 000 тг

 

2 - орын - 188 000 тг

 

3 - орын - 125 000 тг

 

 

04.06.2021 ж.

Ақпарат көзі: abai.kz

 



240

Вернуться назад