қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
01.03.2019

«Әлем таныған Абай»

Халықаралық онлайн-вебинары


Қазақстан - Ресей -Түркия - Қытай - Вьетнам - Əзербайжан

 

2019 жылдың 6-наурызында 2018-2019 жж. арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Шетелдік азаматтарға арналған филологиялық мамандықтар» кафедрасы «Əлем таныған Абай» тақырыбында халықаралық онлайн-вебинар өткізеді.


Вебинардың мақсаты: Абай Құнанбаев тұлғасының əлемдік маңызын түсіну; əріптес-жоғары оқу орындарымен бірлескен ынтымақтастықтың болашағын анықтау.

Қатысушылар:
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан) Мəскеу мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей);
- Бинали Йылдырма атындағы Эрзинджан университеті (Түркия);
- Чжэцзян шет тілдері институты (ҚХР);
- Хошимин мемлекеттік педагогикалық университеті (Вьетнам);
- Баку мемлекеттік университеті (Əзербайжан);
- Назарбаев интеллектуалдық мектебі ХББ, Алматы қ. (Қазақстан).

Конференция тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Байланыс: Алматы қ., Абай д-лы, 56 Б, Шетелдік азаматтарға арналған жəне ЖОО дайындық факультеті, 212 кабинет

Телефон: +7(727)3922250 +77017771604.