қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
07.03.2019

Жас мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік жұмыстарының халықаралық конкурсы

 

Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті - ТМД елдерінің педагогикалық кадрларды даярлау жөніндегі негізгі ұйымы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығы, Педагогикалық жоғары оқу орындары мен институттарын дамыту ассоциациясы, Қосымша кәсіби педагогикалық білім беру ұйымдарының ұлттық қауымдастығы ТМД мемлекеттерінің педагогикалық жоғары оқу орындарының, колледждерінің және қосымша кәсіби педагогикалық білім беру ұйымдарының жас оқытушыларының ғылыми-әдістемелік жұмыстарының «Оқытуға үйрету» тақырыбындағы халықаралық конкурсын өткізеді.


Конкурс педагогикалық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, жас мұғалімдердің өзін-өзі дамытуға және кәсіби өсуіне белсенді көзқарас қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Конкурстық материалдар екі негізгі санатта ұсынылады: ғылыми жұмыстар (ғылыми мақала түрінде) және әдістемелік жоба (конкурстық материалдарға қойылатын талаптарды №1 қосымшада қараңыз) және 2019 жылдың 10 сәуіріне дейін nv.slepova@mpgu.edu электрондық поштасы бойынша қабылданады.

 

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 1-3 дәрежелі дипломдармен марапатталады және Алматыда, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2019 жылдың мамырында өтетін «Педагогикалық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін көтеру мәселесі: жаңа кадрлар - жоғары мектепте» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырылады.


Байқау «Россотрудничество», Бүкілресейлік Білім беру Одағы, Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығының қолдауымен, «Учительская газета» редакциясының қолдауымен өтеді. Қатысушыларды электрондық тіркеу ПУEҚ сайтында 2019 жыл 22 наурызға дейін жүзеге асырылады. 


Конкурсқа қатысу туралы қосымша ақпарат үшін келесі мекен-жай бойынша хабарласуға болады: em.nikitin@mpgu.edunv.slepova@mpgu.edu; тел.: 8-499-246-32-42; 8-499- 245-15-18.