қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
17.11.2021

Дархан Біләлов: педагогикалық білім беретін ЖОО басшылары студенттерінің өндірістік тәжірибені қалай өтіп жатқанын білуі керек

 



Дархан Біләлов болашақ педагогпен кері байланыс барысында практиканттың педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдануы туралы өз пікірін айтып, тәжірибесімен бөлісті.

 

2021 жылдың 16 қарашасында Алматы қаласы Медеу ауданындағы №19 орта мектепте Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика институтының 4-ші курс студенті Әсем Сағымбек математика пәнінен ашық сабақ өтті. Ашық сабаққа Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов, Медеу аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ағайша Сапарова, №19 жалпы білім беретін мектептің директоры Айымгүл Иманғалиева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шыңғыс Әбдіманап, сондай-ақ педагогикалық практика жетекшісі Лариса Жадыраева қатысты.

 

Дархан Біләлов болашақ педагогпен кері байланыс барысында практиканттың педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдануы туралы өз пікірін айтып, тәжірибесімен бөлісті. Ол №19 мектеп оқушыларымен және бір жылдық тәжірибеден өтіп жатқан студенттермен кездесіп, түрлі мәселелер бойынша пікір алмасты. Ректор Университет басшылығының қатысуымен өтетін ашық сабақтар топтамасы жалғасатынын атап өтті. Барлық проректорлар мен институт директорлары екі апта бойы 2021 жылдың 10 желтоқсанына дейін жалғасатын ашық сабақтарға қатысады.

 

Абай университетінің басшысы Дархан Біләлов студенттердің үздіксіз тәжірибеден өтуін қамтамасыз ету үшін университет пен орта білім беру орындары арасындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Бұл іс-шаралар Абай атындағы ҚазҰПУ мен Алматы қаласы Білім басқармасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылуда.

 

Меморандум аясында университет студенттеріне кәсіби дағдыларын дамытуға, тағылымдамадан өтуге және түлектердің жұмысқа орналасуына көмек көрсетеді, жастар саясаты саласындағы тиімді ынтымақтастық есебінен зияткерлік элитаны қалыптастыруға бағытталған басымдықтарды, бірлескен мәдени-білім беру бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыру, жоғары оқу орындары мен жалпы білім беретін мектеп оқытушыларының біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізіледі.

 

 

Авторы. Римма Абдыкадыр

17.11.2021 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz