қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
08.04.2019

Құрметті студенттер мен жас ғалымдар!

 

2019 жылдың 10-13 қазан аралығында Алматы қаласында (Қазақстан) Университеттік спорттың халықаралық федерациясы мен Дене шынықтыру және спорт университеттері халықаралық ассоциациясының қолдауымен «Университеттік спорт: денсаулық және ұлттық өркендеу» тақырыбында студенттер мен жас ғалымдардың IX халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.

 

Конференцияның мақсаты - студенттік спортты дамытудың түрлі бағыттарын талқылау, денсаулықты сақтау және нығайту, жастарды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға жұмылдыру, жаңа дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық технологияларды айқындау болып табылады.

 

Бұл конференция жастардың халықарылық студенттік қозғалыстарға белсене қатысуын, ғылым, білім және студенттік спорт саласындағы жаңа ынтымақтастық орнату жолдарын және халықарлық қоғамдастық елдері жастарының арасындағы достықты нығайтады.

 

Байланыс деректері: 87019592918 Лаура Шалабаева; 87017522999 Әлия Сембаева; 87079991502 Күлмария Изтелеуова; 87072584246 Арайлым Тукаева.

 

e-mail: unisport.kazast@gmail.com 

 

Ақпараттық хат