қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
29.10.2019

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы «6D010300 - Педагогика және психология», «6D010700-Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтары бойынша құрылған Диссертациялық Кеңесінде «6D010300 - Педагогика және психология» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін Сманова Алуа Арыстановнаның «Кәсіби білім беру жүйесіндегі дуальді оқытудың дамуы (Германия және Қазақстан тәжірибесі)» тақырыбында диссертациясы қорғалатынын хабарлайды.

 


Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.

 

Қорғау тілі - қазақша.


Ғылыми кеңесшілер:
Абдигапбарова Улжаркын Муслимовна - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан.
Рахкошкин Анатолий - доктор, профессор Эрланген-Нюрнберг университеті, Германия.


Рецензенттер:
Жайтапова Алтынай Альбековна - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Алматы қ. Қазақстан (мамандық шифры 13.00.08).
Нуржанбаева Жанат Оралбайқызы- PhD доктор, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Шымкент қ., Қазақстан (мамандық шифры 6D012000).

 

Қорғау 2019 жылғы 29 қараша сағат 14:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы диссертациялық кеңесінде өтеді.Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, Бас оқу ғимараты (3-қабат, 320-кабинет). Сайттың мекен жайы: www.kaznpu.kz

 

Аңдатпа


Ғылыми жарияланымдар тізімі

 

Диссертацияны қорғау барысында түсірілген бейне жазба


Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы бұйрық