қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
23.12.2019

Құрметті студенттер және профессор-оқытушылар құрамы!

 

Тарих және құқық институтының академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы Сіздерді, 2019 жылдың 26 желтоқсанында «ХІІ Қасымбаев оқулары» аясында өтетін «Қазақстан жаңа заман тарихының өзекті мәселелері: қазіргі ұстанымдар мен көзқарастар» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

 

Конференцияда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор З. Е.Кабульдинов, белгілі шығыстанушы-қытайтанушы, т.ғ.д. профессор Хафизова К.Ш. және профессор Ж.Қ.Қасымбаевтың шәкірттері, тарихшы-ғалымдар Қазақстаннның жаңа заман тарихының өзекті мәселелері бойынша баяндама жасайды.

 

Өтетін орны: Алматы қаласы, Жамбыл, 25, 609-дәрісхана.

 

Қатысушыларды тіркеу - сағат 9.00-да басталады.

 

Конференцияның басталуы: сағат 10:00.