қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
30.06.2020

АҚШ-тағы қашықтан оқыту туралы вебинар өтеді


2020 жылы 2 шілдеде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Калифорния штаты Сакраменто Университетімен бірлескен «Университеттің іс-әрекеттік деректері мен ұйымдастырушылық мәдениетке негізделген оқытушыларды дайындау» халықаралық жобаның аясында «Калифорния штаты Сакраменто университеті үлгісіндегі АҚШ-тағы қашықтан оқыту» тақырыбында вебинар өтеді. Жоба U.S.-Kazakhstan University Partnerships Grants Program қолдауымен іске асуда. Вебинар жоғары оқу орындарының ТОП менеджерлеріне, оқытушылары мен қызметкерлеріне арналады.

 

Вебинарды онлайн режимінде Халықаралық ынтымақтастық департаментінің халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімі ұйымдастырады.


Модератор - Халықаралық бағдарламалар мен ынтымақтастық бөлімінің бастығы Баян Сапаргалиева.

 

Арнайы қонақ - U.S.-Kazakhstan University Partnerships Grants Program жоба координаторы, профессор, Сакраменто білім беру колледжінің деканы Сидоркин Александр.