қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
06.06.2017

 

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР - МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ

         2017 жылдың 5 маусымы күні университет жастарының Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, Туы, Әнұраны туралы түсініктерін арттыру, рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы қосымша ақпарат беру мақсатында  ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына орай «Мемлекеттік рәміздер - менің мақтанышым» атты танымдық акциясы өтті. Іс-шара барысында университет жастарына тәуелсіз еліміздің басты нышандары - мемлекеттік рәміздер туралы сауалдар қойылып, жадынамалар  тарқатылды.  Одан әрі  жазғы маусымда  «Жасыл ел» еңбек жасағы қатарына жұмысқа қабылданған жас сарбаздарға «Рәміздер - елдігімнің нышаны» тақырыбында дәріс оқылды. (Акция бойынша түсірілген бейнероликпен танысу үшін мына сілметеге өтіңіз http://kaznpu.kz/kz/video/ )

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

 жастар саясаты басқармасы