қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
15.10.2020

«Академиялық жазылым: жобаны қорғау» онлайн-вебинары өтеді

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институты Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Академиялық жазылым: жоба қорғау» (дипломдық жұмыс) тақырыбында онлайн-вебинар өтеді.


Кездесуде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың түлегі, білім саласындағы көшбасшылық пен менеджмент магистрі, (Ноттигем университтеті, Ұлыбритания) Еділбай Оспан «Академиялық жазылым: жоба қорғау» (дипломдық жұмыс), Абай атындағы ҚазҰПУ Түлектер Қауымдастығының атқарушы директоры Нұрбатыров Болатбек Боданұлы «Университет пен оның түлектері арасында өзара ұтымды қарым-қатынас орнату» атты тақырыптарда өз ойларын ортаға салады.

 

Өтетін орны: https://meet.google.com/twr-swyy-uqe


Өтетін уақыты: 19 қазан 2020 жыл, сағат 11.00-12.00 (Алматы)


Байланыс тел.: 87018012405