Абай атындағы ҚазҰПУ-да біліктілікті жоғарлату курстары өтті
2017 жылдың 14-15 қарашасында  Абай атындағы  Қазақ ұлттық педагогикалық  университетінде  «Абай атындағы ҚазҰПУ-Пушкин институты» серіктес желісі аясында "Орыс тілін оқытудағы заманауи білім беру технологиялары" атты орыс тілі оқытушыларына біліктіліктерін жоғарлату курстары өтті.
Курстың лекторы - Профессор,педагогика ғылымдарының докторы,  А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институтының  инновациялық және үздіксіз білім беру басқармасының   ғылыми-әдістемелік бөлімінің басшысы, Орыс орталығының жетекшісі  Наталья Владимировна Кулибина болды.
Шара барысында  «Ғаламдық білім беру кеңістігіндегі орыс тілі»  біліктілікті жоғарлату бағдарламасының қашықтан оқыту модулінің тақырыптары ұсынылды:
1.	Заманауи  орыс тіліндегі белсенді үдерістер;
2.	Пушкин институтының сертификаттау тестілеуінің келешегі мен мәселелері;
3.	Ресей аймақтық зерттеулерінің өзекті мәселелері:бүгінгі күндегі Ресей елі;
4.	Екі тілде сөйлеуші балаларды тестілеудің лингводидактикалық негізі.
Іс-шараға 135 тыңдаушы  қатысты, оның ішінде Алматыдағы 16 ЖОО өкілдері, Т. Жүргенова атындағы  Өнер колледжі, сондай-ақ Алматы қаласының  және облысының мемлекеттік және жекеменшік мектептері.
Курс  соңында барлық қатысушыларға біліктілікті жоғарлату курсының аяқталғаны туралы сертификаттар табысталды.
  
 
  