қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
10.02.2021

«Математикалық физиканың дифференциалдық теңдеулері» ғылыми семинар

 

2021 жылы 10 ақпанда сағат 15.00-де Абай атындағы ҚазҰПУ және Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті бірлесіп ұйымдастырылған «Математикалық физиканың дифференциалдық теңдеулері» ғылыми семинары «Жаратылыстанудың математикалық мәселелері. Кері және қисынсыз есептер» қалалық ғылыми семинармен бірге кеңейтілген кездесу түрінде өтеді (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, №74 (105)).

 

Қосылу сілтемесі: https://us04web.zoom.us/j/75039859731?pwd=UHhENzJQTUl1Q2lEb2tBV3hTRDVYUT09 

 

Конференция идентификаторы: 750 3985 9731

 

Кіру коды: 4j3G6t

 

Уақыты: 15:00, 10 ақпан 2021ж.

 

Семинар жетекшілері:

- ф.-м.ғ.д., проф., ҚР ҰҒА академигі, М. Өтелбаев,

- Абай атындағы ҚазҰУ-інің профессоры, ф.-м.ғ.д., М.А.Бектемесов,

- Абай атындағы ҚазҰУ-інің профессоры, ф.-м.ғ.д., А.С.Бердышев,

- Абай атындағы ҚазҰУ-інің профессоры, ф.-м.ғ.д., Б.Д. Қошанов,

- ХАТУ-інің профессоры, ф.-м.ғ.д., Б.Рысбайұлы,

- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і механика-математика факультетінің деканы, Ph.D., Д.Б.Жакебаев.

 

 

Баяндамашы - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың докторанты, Рысқан А.Р.


Тақырыбы: «Көпөлшемді гипергеометриялық функциялар және оларды екінші ретті дербес дифференциалдық теңдеулер үшін шектік есептерді шешуге қолдану».

 

Аңдатпа:

Гипергеометриялық функцияларға әкелетін әртүрлі мәселелер қосымшаларда қолданылатын функциялар санының тез өсуіне әкелді. Олардың көптеген қасиеттері терең зерттелмеген. Дифференциалдық теңдеулерді және олар қанағаттандыратын екінші ретті дербес дифференциалдық теңдеулер жүйесін құру керек. Бұл олардың қосымша қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді. Көпөлшемді гиперггеометриялық функциялардың қасиеттері және олардың екінші және одан жоғары ретті дербес дифференциалдық теңдеулер үшін шекаралық есептерді шешуде қолданылуы зерттелген.

 

 

Математика және математикалық моделдеу кафедрасы