қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
19.02.2021

Құрметті әріптестер!

 

Абай атындағы ҚазҰПУ (Қазақстан) филология және көптілді білім беру институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасы және Климент Охридский атындағы София университетінің классикалық және заманауи филология факультеті (Болгария) сіздерді халықаралық деңгейдегі, «Цифрлық форматтағы филолог» тақырыбында онлайн интерактивті вебинарға қатысуға шақырады.

 

Бұл вебинардың мақсаты - шет тілдерін оқытудың ғылыми-теориялық және қолданбалы аспектілері бойынша ақпараттық-пікірталас алаңын құру, онлайн-оқыту платформасында цифрлық форматты меңгерген филологтарды даярлау және шет тілдерін оқыту процесін жетілдіру. Вебинарға қатысуға жетекші шетелдік және отандық ғалымдардың, тіл және мәдениетаралық білім беру және лингвистика саласында жұмыс жасайтын мамандардың өкілдері шақырылады.


Халықаралық интерактивті вебинар: 2021 жылдың 22 ақпанында сағат 14: 00-ден 15: 30-ға дейін (Алматы уақытымен, Қазақстан).

 

Халықаралық интерактивті вебинардыңөтілетін орны мен форматы: онлайн, Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ., Онлайн вебинарға қосылу үшін сілтемелер 2021 жылдың 21 ақпанында тыңдаушы ретінде қатысуға өтініш білдірген барлық адамдарға жіберіледі.

 

Вебинар уақыты: 14: 00-15: 30 (Алматы уақыты)

 

Вебинардың жұмыс тілдері: ағылшын, қазақ және орыс

 

Сертификаттар қатысушыларға семинардан кейін бір апта бойы беріледі.

 

Конференцияны ұйымдастырушылар:Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогика Университеті, Филология және көптілді білім беру институты, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы: Ешімбетова З.Б., Сапаргалиева Б.О. Самбетов Е.С.

 

Байланыс: Қосымша ақпарат алу үшін ұйымдастыру комитетіне хабарласыңыз,

тел: +7 747 382 58 25 электрондық пошта: sambetovyerlan@gmail.com

 

Қатысу түрі қашықтан болады.