қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
04.03.2021

Математика, физика және информатика институты университеттің барлық әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтайды!

 

Математика, физика және информатика институтының ер азаматтары сұлулық, іңкәрлік, қайырымдылық пен ақылдылықтың нақышы болған университетіміздің барлық нәзік жанды аруларын ең керемет мерекемен құттықтайды! Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін сіздер қашанда біз үшін сыйлы, сүйкімді, қадірлі екендеріңізді ұмытпауларыңыз керек!


Дархан жүректеріңіз әрқашан ізгілікке, мейірімділікке, жылулыққа толы болсын!


Университетіміздің талантты жастары ұйымдастырып отырған 2021 жылдың 4 наурызында сағат 14.00 де «Қай жерде мейлі қай елде, Әлемнің мәні-әйелде» тақырыбындағы аралас форматта өтетін жастарымыз ұсынған сазды әуендер, көңілді билер, поэтикалық тарту және сыйлықтарға толы концерттік бағдарламаның көрермені болуға шақырамыз! Сіздерді МФжИ институтының акт залында күтеміз!