қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
01.04.2021

Докторанттардың диссертацияларын талқылау өтеді

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты «6D010300 - Педагогикасы және психология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңесі жанындағы Ғылыми семинарда төмендегі докторанттардың диссертациялық жұмыстарының талқылауы болады:

1. Абай атындағы ҚазҰПУ докторанты Гулжайна Касымова. Диссертацияның тақырыбы - «E-learning білім беру жүйесі негізінде студенттердің танымдық құзыретін қалыптастыру».

Отандық ғылыми кеңесшілер - Абай атындағы ҚазҰПУ профессорлары Айгерим Кошербаева және Оспан Сангилбаев.

Шетелдік ғылыми кеңесшісі - Джогякарта мемлекеттік университеті (UniversitasNegeriYogyakarta) профессоры Мох. Брури Трионо (Индонезия).  

Рецензенттер - Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры («Өрлеу» АҚ филиалы),  профессор Серік Кеңесбаев, Абай атындағы ҚазҰПУ доценті Бақыт Сыдыхов.

2. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің докторанты Жанат Бураева. Диссертация тақырыбы - «Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру».

Отандық ғылыми кеңесшілері - профессорлар  Шаркуль Таубаева және Камалбек Беркимбаев.

Шетелдік ғылыми кеңесшісі -  профессор Вадим Гриншкун (Ресей).

Рецензенттер - доцент Сауле Мухамбетжанова; қауымдастырылған профессор м.а. Турархан Жундибаева.

 

Ғылыми семинар 2021 жылы 15 сәуірде сағат 11.00-13:00 болады.

 

Онлайн: https://zoom.us/j/96225395477?pwd=OXgvTmFqRDJMKytoQjZ1UHhjYWw5UT09

 

Идентификатор: 962 2539 5477

 

Код: 844989

 

Мекен-жайы: 050010, Алматы қ., Төле би көшесі, 31 үй, оқу ғимараты 3, (2 этаж, аудитория №27).