қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
12.04.2021

Физика пәнінен олимпиада өтеді

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да жыл сайын «Ғылым айы» іс-шарасы өткізіледі. Осыған байланысты «Физика» кафедрасы физика пәнінен Олимпиаданы онлайн форматта өткізуді жоспарлап отыр. Олимпиадаға Математика, физика және информатика институтының барлық мамандықтары қатыса алады. Олимпиада 2021 жылдың 12 сәуірінде сағат 15.00-де өтеді.


Олимпиадаға қатысу үшін студенттерге көрсетілген сілтеме бойынша сауалнаманы толтыру қажет: https://docs.google.com/forms/d/1_kPOMre1gWGR6-WMSrJwZInx8KqwENfmUm9GGgwpEUA/edit

 

Олимпиада басталар алдында студенттердің білім деңгейін анықтау үшін физика пәні бойынша тестілеуден өтеді. Олимпиадада Физика пәнінен 5 есеп беріледі. Олимпиаданы өткізу ұзақтығы 3 сағат. Студенттер олимпиада біткеннен кейін есеп шығару нәтижелерін сурет түрінде RystygulovaV@mail.ru электронды поштасына жібереді.


Ұйымдастыру комитеті:


Олимпиада модераторы: Физика кафедрасының қауым. профессоры, ф.-м.ғ.к. Рыстыгулова В.Б.

 

Әділ қазылар алқасы: Тезекеев С.М. - аға оқытушы; Насирова Д.М. - PhD доктор, аға оқытушы, Алиева М.Е. - магистр, оқытушы.

 

Онлайн: https://zoom.us/j/93830206043?pwd=WUowMkNkS2hENElMZU5xRllQbzMrZz09

 

Идентификатор: 938 3020 6043,  Код: 635026.