қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
25.05.2021

«Акция-80. От тайги до Британских морей...»

 

Ресей Федерациясының «Білім беру ұйымдарында діни және этникалық экстремизмнің алдын алу» Орталығы және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен 2021 жылдың 25 мамыры күні фашистік Германияның КСРО-ға шабуыл жасауына 80 жыл толуына арналған «Акция-80. От тайги до Британских морей...» патриоттық шарасы өтеді.


Акцияның мақсаты - студент-жастарды патриотизмге тәрбиелеу, мемлекет тарихындағы маңызды тарихи оқиғалар мен атаулы күндерге тағзым ету.


Патриоттық акция 28 гвардияшылар-панфиловшылар саябағындағы «Мәңгілік алауға» гүл қою рәсімінен бастау алып, ресми бөлімде шараға қатысушы қонақтар мен спикерлер тақырып аясында баяндамалар жасайды. Акция аясында концерттік бағдарлама және далалық асхана ұйымдастырылады.


Шара барысында карантиндік режимге байланысты барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады.

Шара бағдарламасы


 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті