қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
31.05.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ-да құжаттарды қабылдау 15 маусымда басталады

 

Құрметті талапкерлер! Қабылдау комиссиясы 15 маусымнан бастап өз жұмысын бастайды. Егер сіз сапалы білім алғыңыз келсе, онда біз сізді күтеміз. Естеріңізге сала кетейік, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ақылы негізде оқуға ниет білдірген тұлғалар ҰБТ нәтижелері бойынша - кемінде 75 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары бойынша - кемінде 80 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы бойынша - оқыту тілі бойынша кемінде 5 балл және әрбір бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алуы тиіс.

 

ОҚУҒА ТҮСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

- университет ректорының атына өтініш;

- жеке куәлік көшірмесі;

- қосымшасы бар орта білім туралы аттестат / орта арнаулы немесе жоғары білім туралы диплом (түпнұсқа);

- 063-нысанның көшірмесі (егу картасы);

- 086-У нысанындағы медициналық анықтама (флюорография суреті);

- фотосурет 3х4-6 дана;

- ҰБТ нәтижесі;

- жасөспірімдерді тіркеу куәлігінің көшірмесі;