
Главная
Новости
22.11.2010
2010 жылдың 18-ші қараша күні Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде көрнекті қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ҚР-на еңбек сіңірген ғылым қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Ахмеди Ысқақұлының 100 жылдығына арналған «Профессор А. Ысқақов және ұлттық педагогика» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті. Ахмеди Ысқақов қазақ тілі білімінің теориялық мәселелерін оның ішінде қазақ тілінің морфологиясын, сөз таптарын, графика, орфография, пунктуация мәселелерін жан-жақты зерттеген, қазақ тілінің мектепте оқытылу әдістемесі мен орыс тілінің қазақ мектептерінде оқытылу әдістемесін дайындаған ғалым. Конференцияда ғалым Ахмеди Ысқақовтың ғылымға сіңірген еңбегі, қоғам қайраткері ретіндегі іс-қызметі туралы баяндамалар тыңдалды. Казақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі С. Қирабаев, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры, профессор Сабри Хизметли, Хурия Екхлев, Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Зафер Кебар және Алматыдағы жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Вернуться назад |
|
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
Канцелярия: 8 (727) 390 60 05
Приемная комиссия/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04
8 (727) 291 57 68
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|