қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
07.10.2021

Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларға арналған өлкетану математикалық есептері бойынша конкурс басталды

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институты Бастауыш білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімі кіші мектеп жасындағы оқушыларға арналған өлкетану математикалық есептері бойынша студенттердің IІ Республикалық конкурсының басталғанын хабарлайды.

 

Конкурс 2021 жылдың 15 қазанында басталады. Конкурстық жұмыстарды жинау 2021 жылғы 15 қарашаға дейін жүзеге асырылады.

 

Конкурстың мақсаты мен міндеттері:

1. Студенттердің туған өлке салт-дәстүрлеріне, мәдениеті мен тарихына деген қызығушылықтарын арттыру.
2. Өлкетану есептерін құрастыру барысында студенттердің зерттеушілік, өлкетанымдық, этнографиялық әрекеттерін дамыту.
3. Олардың өз еліне деген патриоттық қатынасын, оның тарихи және мәдени мұраларға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
4. Математикаға икемділіктері мен қабілеттері бар студенттерді анықтау, дамыту және қолдау көрсету.
5. Студенттердің оқу-әдістемелік әрекетке деген мотивациясы.

 

Конкурс қашықтықтан өткізіледі. Халықаралық қазылар алқасы 2021 жылғы 25 қарашада нәтижесін шығарады.


Ақпараттық хатты келесі сілтеме бойынша көруге болады:

https://docs.google.com/document/d/16WvA7NXq5iPHmav9CE0RtdPkwxdFSpmL/edit?usp=sharing&ouid=111749762548662608163&rtpof=true&sd=true