қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
22.10.2021

Слупск қаласының Помор академиясындағы (Польша)

«Абай оқулары» III ғылыми семинары

 

2021 жылғы 25-26 қарашада Слупск қаласындағы (Польша) Помор академиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Абай философиясы, поэтикасы, рецепциясы» тақырыбында «Абай оқулары» III Халықаралық ғылыми семинары өтеді.

 

Бұл Слупс қаласындағы Помор академиясында Абай атындағы Қазақ мәдениеті мен ғылымы орталығында жыл сайын өткізілетін халықаралық ғылыми іс-шара.

 

Семинарлар Абай атындағы ҚазҰПУ-мен бірге Помор академиясының көпжылдық серіктесі және 2019 жылы Слупскіде Орталық ашылуының бастамашысы ретінде ұйымдастырылады.

 

Семинарға қатысуға Қазақстан, Польша және басқа да елдердің студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушылары шақырылады.


Ақпараттық хат

Өтініш