қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
25.10.2021

Педагогика мен психология бойынша диссертацияның алдын ала талқылауы өтеді

2021 жылғы 4 қараша сағат 16.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институтының педагогика және психология білім беру бағдарламасының кеңейтілген мәжілісінде (507 аудиториясында) «6D010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Лаура Орынбаеваның философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациялық жұмысының алдын ала талқылауы онлайн-офлайн форматта өтетінін хабарлайды.

 

Диссертация тақырыбы - «Оқудан тыс іс-әрекетті ақпараттандыру жағдайында оқушылардың жеке қасиеттерін қалыптастыру».

 

Отандық ғылыми кеңесші - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика және психология білім беру бағдарламасының жетекшісі, профессор А.Н.Көшербаева.

 

Шетелдік ғылыми кеңесші - Ресей білім академиясының академигі, Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің профессоры В. В. Гриншкун.

 

Рецензенттер - Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Информатика және білімді ақпараттандыру» кафедрасының доценті Б.Д. Сыдыхов; Абай атындағы ҚазҰПУ «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының доценті Р.Б. Абдрахманова.