қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
25.11.2021

«Білім мен ғылымды трансформациялау-адами капиталдың сапасын арттырудың негізгі факторы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

 

2021 жылдың 26 қарашасында сағат 11.00-де ZOOM платформасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Латын» ғылыми-практикалық орталығының «Тілтұмар» бірлестігі мен «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Білім мен ғылымды трансформациялау-адами капиталдың сапасын арттырудың негізгі факторы» тақырыбында «Аманжолов оқулары-2021» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны онлайн форматта өткізеді.


Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық мәжілісінде Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы «Латын» ғылыми-практикалық орталығының директоры, профессор Ф.Ш.Оразбаева «Профессор С. Аманжоловтың ғылыми мұрасы - адами капиталдың сапасын арттырудың рухани өзегі» тақырыбында баяндама жасайды.


Онлайн конференцияға ЖОО оқытушылары, Білім жетілдіру институттарының өкілдері, мектеп мұғалімдері, магистранттар мен докторанттар қатысады.


Конференция идентификаторы:
889 0458 3072


Конференцияға кіру коды: 728911