қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
20.12.2021

«Педагогика» (Education) бағыты бойынша сілтеме жасалатын журналдардағы жарияланым» вебинары өтеді


23 желтоқсан 2021 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ қолданыстағы «Нақты деректер негізінде оқытушыларды даярлау және ұйымдастырушылық мәдениет» халықаралық жобасы аясында Сакраментодағы (АҚШ) Калифорния Университетінің қатысуымен «Педагогика» (Education) бағыты бойынша сілтеме жасалатын журналдардағы жарияланым» тақырыбында онлайн-вебинар өтеді.

 

Вебинарды ұйымдастырушы - Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым департаменті, іс-шараны зерттеу қызметі жөніндегі проректор Ермек Бөрібаев ашады, жүргізуші - Баян Сапаргалиева, басты спикер - Александр Сидоркин - профессор, Сакраментодағы Калифорния Университеті білім колледжінің деканы (АҚШ), жоба үйлестірушісі болады.

 

Вебинарға оқытушылар, қызметкерлер, магистранттар, докторанттар, постдокторанттар және университет ғалымдары, қызығушылық танытқан тыңдаушылар шақырылады.

 

Уақыты: 2021 жылдың 23 желтоқсаны, сағат 10:00 Алматы уақытымен


Zoom арқылы конференцияға қосылу
https://zoom.us/j/99516545081?pwd=N1FCQUgzM3R5aENGeWdlSU5GeWNCUT09


Конференция идентификаторы: 995 1654 5081


Кіру коды: 664096