қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
21.12.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ грантына оқытушылар мен қызметкерлердің ғылыми жобалар конкурсы


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті оқытушылар мен қызметкерлердің ғылыми жобаларының Абай атындағы ҚазҰПУ грантына конкурс өткізетіндігін хабарлайды. Қатысу үшін үміткерлер конкурс туралы Ережеге сәйкес өтінім ұсынады. Конкурстық өтінімдерді қабылдаудың басталу күні - 20.12.2021 ж., өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні - 14.01.2022 ж. Грант алған жағдайда жұмыстың басталу күні - 20.01.2022 ж., жұмыстың аяқталу күні - 31.12.2022 ж.

 

Өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қазыбек би 30, 203а кабинет. Тел: 8/727/ 291-27-10

 

Қатысушыларға қойылатын талаптарды және өтінімді ресімдеуді қамтитын конкурс туралы ереже.