қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
18.01.2022

Абай атындағы ҚазҰПУ-да көктемгі семестрдің оқу үдерісін ұйымдастыру туралы хабарландыру

 

1. 2021/2022 оқу жылының көктемгі семестрінің оқу үрдісі 24.01-06.02.2022 ж. аралығында бакалавриаттың (1-5 курс), магистратура, PhD докторантура білім беру деңгейлері үшін онлайн форматта өтеді.


2. 2022 жылдың 7 ақпаннан бастап бакалавриаттың (2-5 курс), магистратура, PhD докторантура білім беру деңгейлеріне арналған оқу үрдісі төмендегідей түрде өтеді:
- дәріс онлайн-форматта;
- семинар, зертханалық және практикалық сабақтар офлайн форматта өтеді.


3. Бакалавриаттың 1 курс білім алушылары үшін 2022 жылдың 7 ақпанынан бастап білім беру процесінің форматы бойынша ақпарат ағымдағы жылдың 25 қаңтарына дейін қосымша беріледі.