қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
04.10.2018

Тұңғыш қазақ ЖОО-н құрған Алаш қайраткерлері туралы тың кітаптар шығарылды

 

ХХ ғасырдың басында ұлттық ағарту ісіне үлес қосқан қазақ зиялалыры туралы кітаптар топтамасы оқырманға жол тартты. Ол қазақ даласындағы тұңғыш жоғарғы оқу орнының қалыптасуына үлес қосқан Санжар Асфендияров, Халел Досмұхамедов, Ораз Жандосов пен Мәлік Ғабдуллин сияқты тұлғаларға арналып отыр. Қазіргі Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеттің алғашқы ректоры С. Асфендияров болғанын былайғы жұрт біле бермейді. Туындыларда тоқсан жылдық тарихы бар оқу орнын ашуға Алаш арыстары ерекше ат салысқаны баяндалады. Көп жылдық зерттеулер қалың бұқараға арналған. Онда тың деректер де бар. Кітап тұсаукесеріне Ораз Жандосовтың ұлы мен Мәлік Ғадбуллинің қызы қатысты.

 

Тахир Балықбаев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры:

 

Негізгі идеямыз: біріншіден, тарихымызды білуіміз керек. Елімізге еңбегі сіңген азаматтар туралы ақпараттарды білуіміз керек. Студенттерге үлгі ретінде, соларға танымдық әдебиет ретінде де шағырып, пайдаланатын боламыз.

 

 

Авторы: Р. Асқарбекұлы

03.10.2018 ж.

Ақпарат көзі: astanatv.kz