қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
06.12.2022

Ғылыми семинар өтеді


2022 жылдың 8 желтоқсан күні Педагогика және психология институты ғылым бөлімінің ұйымдастыруымен докторанттарға ғылыми семинар өткізіледі.


Ғылыми семинардың жетекшісі - PhD доктор, қауымдастырылған профессор Г.Т. Абитова.


Семинардың баяндамашылары:

1. Ахметов А.А., «8D01103-Білім берудегі менеджмент» мамандығының 2-ші курс докторанты. Баяндама тақырыбы - «Консорциум моделі бойынша студенттердің білімін басқарудың ғылыми-практикалық негіздері».

 

2. Ағыбай Қ. Е., «8D01101 - Педагогика және психология» мамандығының 2-ші курс докторанты. Баяндама тақырыбы - «Болашақ педагог-психологтардың кәсіби ұтқырлығын дамытудың теориялық негіздері».

 

3. Пономарев Р. Д., «8D01901-Арнайы педагогика» мамандығының 2-ші курс докторанты. Баяндама тақырыбы - «Жасөспірімдердің психикалық дамуының тежелуінің алдын алу және преносологиялық диагностиканың педагогикалық негіздері».

 

4. Калиниченко Е.Д., «8D01901-Арнайы педагогика» мамандығының 2-ші курс докторанты. Баяндама тақырыбы - «Заманауи білім беру жүйесінде «құзыреттілік және «құзырет» ұғымдары».

 

5. Ердембекова Д. А., «8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2-ші курс докторанты. Баяндама тақырыбы - «Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың әлеуметтік дағдыларын Реджио Эмилия әдістемесі негізінде дамыту».

6. Сихаева А. «8D01301-Пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау» мамандығының 2-ші курс докторанты. Баяндама тақырыбы - «Арт-технологиялар негізінде болашақ бастауыш білім педагогтерін кәсіби даярлау».