қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
20.03.2023

Абай университетінің 95 жылдығына орай ТМД педагогикалық жоғары оқу орындары жас оқытушыларының халықаралық форумы өтеді

 

2023 жылдың 11-13 мамыр аралығында Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында (Қазақстан Республикасы) ТМД елдерінің педагогикалық жоғары оқу орындары жас оқытушыларының «Үздіксіз білім беру жүйесінің жас оқытушысы: кәсіби даму сатылары» халықаралық форумы өтеді. Абай университеті өз алаңында педагогикалық білім беруді ілгерілетуге және іске асыруға белсенді қатысатын педагогикалық жоғары оқу орындарының жас оқытушыларын жинайды.


Іс-шараның мақсаты - ТМД елдеріндегі үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің жас оқытушыларының ғылыми-әдістемелік жетілуіне және шығармашылық дамуына ықпал ету.

 

Форум Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығының (ЕАПУ) бастамасымен және Достастық елдерінің Атқарушы комитетінің Білім және ғылым жөніндегі кеңесі қолдауымен өткізіледі.

 

Форум операторлары Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.

 

Форум жұмысына қатысуға педагогикалық жоғары оқу орындарының жас оқытушылары - ЕАПУ мүшелері келесі санаттар бойынша шақырылады:

- «Оқытуды үйрену» байқауының жүлдегерлері мен лауреаттары;

- Өткен төрт «Педагогикалық бастама» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері;

- Өз елдерінде педагогикалық білім беруді ілгерілетуге және дамытуға мүдделі жас оқытушылар.

 

Форум жұмысы келесі бағыттар бойынша жоспарлануда:

- білім және ғылым;

- педагогикалық білім берудің инновациялық дамуы.

 

Форум жұмысы қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Форумның өтетін уақыты: 2023 жылғы 11-13 мамырда (келу күні - 11 мамыр, кету күні - 13 мамыр).

 

Форумға қатысты сұрақтарыңызды төменде көрсетілген поштаға жолдап, байланыс телефондарына хабарласуға болады:

 

ЕАПУ атқарушы директоры Никитин Эдуард Михайлович - тел. 8 (499) 245-15-18, em.nikitin@mpgu.edu 

 

Абай университетінің Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімінің бастығы Бекбанова Наргиза Әділбекқызы, n.bekbanova@abaiuniversity.edu.kz

 

 

 

Форумның ұйымдастыру комитеті