қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
31.10.2023

938 студенттің оқу ақысына жеңілдіктер берілді

 

Абай университетінде 2023-2024 оқу жылына әлеуметтік қолдауға мұқтаж және жетістікке жетіп жүрген білім алушылардың оқу төлемақысына 10%-дан 100%-ға дейінгі жеңілдіктер берілді. Университет қызметінде негізгі басым бағыттарының бірі - білім алушыларды әлеуметтік қолдау.

 

Студенттердің бұл санатына 23 жасқа дейінгі жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және оқу кезеңінде ата-анасының екеуінен немесе жалғыз ата-анасынан айырылған тұлғалар, жалғыз ата-ана тәрбиелеп отырған толық емес отбасынан шыққан білім алушылар, мүмкіндігі шектеулі білім алушылар (I, II, III топтағы мүгедектер), көпбалалы отбасылардан, яғни төрт және одан да көп оқушы балалары бар отбасылардан шыққан студенттер, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сонымен қатар қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасы мүшелері, ата-анасы Қоғамда (Университет) 3 жылдан астам уақыт жұмыс істейтін білім алушыларға, «Алтын белгі» иегерлері, бұл ретте (1-курс студенттері үшін) ҰБТ нәтижесі бойынша кемінде 90 балл болуы тиіс студенттер, «Өзіміз» - екінші жоғары білім беру бағдарламарына, магистратураға және докторантураға түскен Қоғамда (Университет) түлектері, республикалық, халықаралық конкурс және фестиваль жеңімпаздары, ірі спорттық жарыс жеңімпаздары (ҚР чемпионаты, Азия, Еуропа және Әлем чемпионаты) және «Педагогикалық сынып» пилоттық жобасының түлектері жеңілдікке ие болды.

 

Жалпы өтінімдер саны - 1739. Қайталанғандар - 582. Талапқа сәйкес емес өтініштер - 219. Арнайы комиссия отырысының шешімімен 938 студенттің оқу ақысына жеңілдіктер берілді.

 

Еске сала кетейік, студенттердің өтінімі 2023 жылдың 11-30 қыркүйек аралығында қабылданды.


Оқу ақысына жеңілдік берілген білім алушылар тізімі