қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Алеуова Зарина Жеткергеновна

Алеуова Зарина Жеткергеновна

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Алеуова Зарина Жеткергеновна 1982 жылы 26 желтоқсанда Қызылорда облысының Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2000-2004 жылдары Қ. Жұбанов атындағы АМУ, математика және физика пәнінің мұғалімі (үздік); 2004-2006 жылдары Қ. Жұбанов атындағы АМУ, математика магистрі (үздік).  2011ж. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, физика-математика ғылымдарының кандидаты.

2011-2013 жж. М. Өтемісов атындағы БҚМУ: аға оқытушы; информатика кафедрасының меңгерушісі

2013-2017 жж. Қазақстан-Ресей Халықаралық университеті: меңгерушісі. техникалық және әлеуметтік-ғылыми пәндер кафедрасы; ақпараттық және қашықтықтан білім беру технологиялары департаментінің директоры; қашықтықтан білім беру технологиялары жөніндегі проректор; оқу-әдістемелік жұмыс және қашықтықтан білім беру технологиялары жөніндегі проректор

2017-2020 жж. М. Оспанов атындағы БҚММУ: оқу процесін жоспарлау бөлімінің басшысы; кафедра доценті

2020-2025 жж М. Өтемісов атындағы БҚУ: аға оқытушы

2025 жылдан Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушы

Жетістіктері: Оқу-әдістемелік, ғылыми жұмыстар және тәрбие жұмыстарынан жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Алғыс хатпен (М. Өтемісов атындағы БҚМУ, 2012);

- 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай жоғары кәсіби мамандарды дайындау мен тәрбиелеу ісіндегі адал әрі нәтижелі еңбегі үшін Құрмет грамотасымен          (М. Өтемісов атындағы БҚМУ, 2012);

- «Оқытудың инновациялық технологияларын енгізу» байқауына қатысып, Үрдіс моделі Дипломымен марапатталған (М. Өтемісов атындағы БҚМУ, 2012);

- ҚОХУ-нің 20 жылдығына орай Ақтөбе облысының әкімінің орынбасарының Құрмет грамотасымен (2014, Нуркатова С.);

- 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңына адал еңбегі үшін Алғыс хатпен (Қазақ-Орыс халықаралық университеті, 2014);

- Көшбасшылардың Оксфорд саммиті - 2014 қатысып, Үздік лектор-2014 номинанты аталды (Казахстанская правда, Ақтөбе газеттерінде мақала жарияланды)

- Ақтөбе облысының ең үздік Жас ғалымы-2016

- Адал еңбегі үшін Құрмет грамотасымен (Марат Оспанов атындағы БҚММУ, 2018) марапатталған;

- Қазақстанның жыл мұғалімі - 2024 (Астана)

- Білім саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Ы.Алтынсарин төсбелгісімен» марапатталған (Астана)

 

БІЛІМІ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітірген жылы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

Математика және физика пәнінің мұғалімі

2004

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

Математика магистрі

2006

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Физика-математика ғылымдарының кандидаты

2011

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген мерзімі

Математика магистрі

 

математика

2006

Физика-математика ғылымдарының кандидаты

01.01.02-дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика

2011

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Бакалавриат

Математика, математикалық талдау, аналитикалық геометрия, дифференциалдық теңдеулер

Магистратура

Жаңа оқыту технологиялар, статистикалық талдаулар, жоғары мектепте математиканы оқыту әдістемесі

 

 


← Вернуться назад