
 
|  Main /
Announcements 
10.04.2018 
 «Суреттер сыр шертеді: кеше-бүгін-болашақта» тақырыбындағы фотосуреттер көрме конкурсы 
 2018 жылдың 16 -27 сәуір аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика-психология институты Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына - 35 жыл» онкүндігі аясында «Суреттер сыр шертеді: кеше-бүгін-болашақта» тақырыбында фотосуреттер көрме конкурсы өткізіледі. 
 Конкурстың мақсаты - студенттердің бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына деген қызығушылығын дамыту, оның беделін арттыру, студенттердің жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау. 
 5В010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша студенттерді және түлектерді конкурсқа қатысуға шақырамыз. 
 Ұйымдастырушы: педагогика және психология институтының бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы. Камил Малдыбаев - 87071156796, Айдос Абдықадыров - 87772072322; 87714438067 (кафедра тел.). 
 Өткізілу орны: Алматы қ., Төле би, 31., Педагогика және психология институтының «Бастауыш білім» педагогикалық табыстар галереясында өткізіледі. 
 Қосымша: конкурсты өткізу туралы ереже 
 
 |