қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
16.07.2020

Ұстаздардың ұстаханасы талапкерлер құжаттарын онлайн қабылдап жатыр

 

   

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен COVID-19 вирусының алдын алу мақсатында бірқатар шұғыл шаралар қолға алынды. Осы орайда Қазақстанның жоғары оқу орындары мен колледждері 16 наурыздан бастап қашықтан оқыту түріне көшкені белгілі. Солардың қатарында тоқсан жылдық тарихы бар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті де бар. Ұстаздардың ұстаханасына айналған білім ордасы қашықтан оқытуды жоғары деңгейде ұйымдастыра алды. Енді алдағы жаңа оқу жылына талапкерлерді қабылдау жұмысы басталды. Сейсенбі, 14 шілде күні Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев талапкерлермен онлайн-кездесу өткізді.  «2020-2021 оқу жылына талапкерлерден құжат қабылдау» тақырыбындағы онлайн-кездесу @abai_university атты Instagram парақшасында тікелей эфирде өтті. 


Такир Оспанұлы оффлайн және онлайн режимінде өткізіліп жатқан қабылдау комиссиясының жұмысына тоқталды. Университет үшін талапкерлер мен қызметкерлердің қауіпсіздігі маңызды екенін түсіндіріп, талапкерлерге құжаттарды онлайн-тапсыруды ұсынды.

 

Кездесу барысында қашықтан оқыту, университетке түсу үшін шекті балл, бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша құжаттарды тапсыру мерзімі мен шарттары, оқу жеңілдіктері, жатақханадан орын беру туралы сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Студенттер бітіруші курста практиканың қалай өткізілетініне де қызығушылық танытты.

 

Ректор қазіргі жағдайды ескере отырып, университет тарапынан студенттерге барлық жағдай жасалатындығын атап өтті. Оқушыларға және студенттерге сәттілік пен денсаулық тіледі.

 

Кездесу өте нәтижелі өтті. Кездесуге қатысушылар мен талапкерлер қосымша сұрақтарды жеке поштаға және ректор блогына, әлеуметтік желілердегі университеттің ресми парақшаларына жібере алады.

 

Тікелей эфирден кейін кездесуге қатысушылардың барлық мәселелері талданды. Толық жауаптар университет сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.

 

Университет төменде жиі қойылатын сұрақтар бойынша ақпарат ұсынады:

1)Педагогикалық мамандыққа түсетін талапкерлерге арналған онлайн-тесттен өту алгоритмі және онлайн-тесттің нәтижелері «Оқуға түсушілерге» бөлімінде орналастырылған. Педагогикалық емтихан: https://www.kaznpu.kz/kz/2200/page/

2)Онлайн режимінде шығармашылық емтихандарына дайындық алгоритмі және шығармашылық емтихан нәтижелері: https://www.kaznpu.kz/kz/2203/page/

3)Жыл сайын университет «Алтын белгі» иегерлеріне, көпбалалы отбасылардың студенттеріне және мүмкіндігі шектеулі балаларға 100%-ға дейін оқу ақысына жеңілдіктер ұсынады. Сондай-ақ, дарынды және талантты студенттерге гранттар мен жеңілдіктер алуға мүмкіндіктер қарастырылған. Талапкерлер үшін жеңілдіктер туралы ереже: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Pol_2020.pdf

4)Жатақханаларда орындар бөлу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындар бөлу ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Орындарды бөлу үдерісі «Univer» жүйесі арқылы жүргізіледі: http://kaznpu.kz/docs/obchag_slid.pdf

5) Жатақханадан орын беру тәртібі туралы ақпарат: құжаттар тізімі және жатақханадан орын бөлу алгоритмі сайтта «Жатақханаға орналасу бойынша ақпарат» бөлімінде ұсынылған: https://www.kaznpu.kz/kz/2507/page/

 

 

16.07.2020 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com