қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
03.08.2020

Такир Балықбаев: «Педагог мамандығын таңдау - жүректің таңдауы»

 

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев өзінің Facebook парақшасында ұстаздардың ұстаханасына айналған білім ордасының түлектеріне, яғни болашақ педагогтарға қатысты жазба жариялады.


«Биыл мемлекет тарапынан педагогикалық ғылымдар бағытына 8 243 грант бөлінді. Біздің студенттеріміз педагог мамандығын грант үшін емес, өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін таңдағанына сенімдімін: олардың әрқайсысының жүрегінде от және балаларды оқытуға деген талпыныстары бар.


Төрт жыл бойы біз болашақ мұғалімдерге тек аудиторияда ғана емес, мектепте де өздерінің ұмтылыстары мен білімдерін тексеруге мүмкіндік береміз. Студенттер бірінші курстан бастап педагогикалық тәжірибе жинай бастайды. Төртінші курста жыл бойы аптасына 4 рет мектепке барып, балалармен мұғалім ретінде жұмыс істейді.


Сонымен қатар, осы оқу жылынан бастап 3 курс студенттері мектептер мен балабақшаларда жыл бойы үздіксіз тәжірибеден өтеді. Тағы бір ескеретін жайт - студенттерге практикадан өту үшін оқу орнын таңдау құқығы беріледі. Бұл дегеніміз тәжірибеге бағытталған білімнің айқын көрінісі.


Көріп отырғандарыңыздай, біздің университет студенттерге үлкен мүмкіндіктер жасауда. Бұл студенттердің ойлары мен мақсаттарын жүзеге асыру үшін берік бастау алаңы болады деп үміттенемін», - деп жазды ректор.

 


03.08.2020
Ақпарат көзі: qazaq1913