қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
27.04.2018

Құрметті университеттің білім алушылары

(бакалавриат, магистратура, PhD докторантура),

профессор-оқытушылар құрамы және ғылыми қызметкерлері!

 

Ғылыми кеңес мәжілісінің (24.04.2018 жылғы №8 хаттамасы) шешімі бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ грантына жас зерттеушілердің ғылыми жобалары мен стартап-жобаларының конкурсы туралы Ережесі бекітілді.

 

Конкурстың мақсаты - «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Елбасының 2017 жылдың 31 қаңтарындағы «Қазақстанның Төртінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға, зерттеушілік университет деңгейіне қол жеткізуге бағытталған жас зерттеушілердің шығармашылық белсенділіктерін ынталандыру және болашағы зор жобаларды анықтау.

 

Конкурсқа 35 жасқа дейінгі тұлғалар қатыса алады.

 

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 01.05.2018 ж. - 25.05.2018 ж.

 

Конкурсқа қатысуға арналған өтініштер Ғылым департаментінде қабылданады, мекен-жайы: Қазыбек би 30, № 1 корпус, каб.: 201, 211, тел.: 291-27-10, 291-10-22. nauka_kaznpu@bk.ru 

 

Конкурс туралы ереже

 

 

Ғылым департаменті