
 
|  Main /
Announcements 
08.08.2018 Магистранттар арасында Назарбаев шәкіртақысын тағайындауға арналған конкурс 
 Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысын тағайындау туралы» өкімін жүзеге асыру мақсатында Назарбаев шәкіртақысына ұсынуға 2-курс магистранттарына конкурс жарияланатындығын хабарлаймыз. 
 Конкурс үміткерлері Ғылыми Кеңестің мәжілісінде қарастырылып, конкурс нәтижесі Кеңестің шешімімен бекітіледі. 
 Үміткерлерге төмендегідей талаптар қойылады: - оқу үлгерімі «өте жақсы» (жоғары GPA балл) болуы тиіс; - ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жарияланған ғылыми мақалаларының болуы тиіс; - университеттің қоғамдық өміріне белсене араласуы тиіс. 
 Сондықтан тиісті құжаттарды (екі тілде толтырылған магистрант сауалнамасы, фото, автобиография) ағымдағы жылдың 8 тамызына дейін институт директоратына өткізулеріңізді сұраймыз. 
 
 
 |