қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
02.02.2021

«Пайдалы платформа» семинар-тренингі

 

2021 жылдың 11 - 29 қаңтары аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Learningapps, Plickers, Kahoot, Quizlet, Nobbok платформаларын үйретуге бағытталған «Пайдалы платформа» семинар - тренингі өткізілді. «Білімді дамытудың 2020-2025 бағдарламасын жүзеге асыру» жобасы аясында «Мансап» орталығының ұйымдастырылған іс-шара Жаратылыстану және география және Математика, физика және информатика институттарының «5В011300 - Биология» мамандығы бойынша білім алатын 4-ші курс студенттеріне арналды. Семинарды Алматы қаласы НЗМ мұғалімі Абеу Нұркелді жүргізді.