қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
05.02.2021

ҚазҰПУ ректорының АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Эрик Майермен кездесуі

 

2021 жылы 4 ақпанда Бас консул Эрик Майер бастаған АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының делегациясы Абай атындағы ҚазҰПУ-ға ресми сапармен келді.

 

Ресми кездесу барысында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры Такир Балықбаев құрметті қонақтарды АҚШ-тағы және басқа елдердегі университеттермен халықаралық қызметпен, сондай-ақ ҚазҰПУ-дың білім және ғылым саласындағы жетістіктерімен қысқаша таныстырды.

 

Бас консул Эрик Майер Сорбонна-Қазақстан институтының және басқа институттардың студенттері алдында университетке қонақты спикер ретінде шақырғаны үшін ризашылығын білдірді, сонымен қатар университеттерді интернационалдандырудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында ынтымақтастық мәселелері талқыланды, атап айтқанда, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-оқытушылар құрамына арналған Американдық Кеңестің Педагогикалық Университетін дамыту бағдарламасы аясында университет оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарының екінші кезеңі де талқыланды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   



22

Вернутся назад