қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
18.02.2021

Алматыда Горький саябағына салынатын жатақхана 327 студентті баспанамен қамтиды

 


 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Абай атындағы университеттің 3 мыңнан астам студенті жатақханаға мұқтаж. Бұл туралы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қазіргі уақытта Абай атындағы ҚазҰПУ-де 13 мыңнан астам адам оқиды, оның ішінде 10 780 сырттан қатынайды. Жалпы 3 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж.

 

«Жоғары оқу орнының 1397 төсекке арналған 5 жатақханасы бар. Бүгінгі күні онда санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес тек бірінші курстың 814 студенті тұрады» деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметі.

 

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мақсатында университет 327 орынға арналған жатақхана салуды жоспарлап отыр.

 

«Алматы қаласы әкімінің қаулысымен орталық саябақпен шекаралас Медеу ауданында орналасқан Абай атындағы ҚазҰПУ жер учаскесіне жатақхана салуға рұқсат берілді. Айта кетейік, оның Ғ.Орманов көшесі жағынан бөлек кіреберісі бар. Сондай-ақ, бұл жер учаскесінде М.Әуезов атындағы стадион, университеттің оқу корпустары мен әскери кафедрасы орналасқан. Жатақхана велотректен кейінгі жер учаскесінде бой көтереді. 2011 жылдан бастап бұл жер телімі спорт және туризм колледжінің балансынан алынып, Абай атындағы ҚазҰПУ балансына берілді. Мәдениет және демалыс саябағының аумағына кірмейді» деп хабарлады жоғары оқу орнынан.

 

Жатақхана салу үшін барлық қажетті рұқсат құжаттары бар. «Алматы бас жоспары «Ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нен келісім алынды.

 

ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Қаржы орталығы» АҚ және Абай атындағы ҚазҰПУ арасында үшжақты келісім жасалды. Инвестор және мердігер - «Әл Мансур» ЖШС.

 

Айта кетейік, Горький атындағы орталық саябақтағы құрылысқа қатысты қоғамдық тыңдау 1 наурыз күні өтеді.

 

Биыл Алматыда студенттерге арналған екі жатақхана салынады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында жазған болатын.

 

Сондай-ақ, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Мәди Ахметов студенттер жатақханасына қатысты бірқатар ұсыныс айтты.

 

 

18.02.2021 ж.

Ақпарат көзі: inform.kz



3

Вернутся назад